Қала шаруашылығын 2025-2026 жылғы жылу беру маусымына әзірлеу барысына қоғамдық бақылау жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала шаруашылығын 2025-2026 жылғы жылу беру маусымына әзірлеу барысына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құрылған жұмыс тобы 29 мамырда «Kazakhmys Distribution» ЖШС жылу кәсіпорнына барды. Кәсіпорынның бас инженері №1 жылу станциясындағы жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырды.

Жұмыс тобы қала атмосферасына зиянды шығарындыларды азайту жөніндегі ісшараларға ерекше назар аударды. Биыл кәсіпорын барлық қазандықтардың тазартқыш түтін эмульгаторларын жаңартады жоспарлауда, бұл қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді. Мердігер ұйыммен №1,2,3 қазандықтарға эмульгаторларды жеткізуге келісім шарт жасалған,  қазіргі таңда оларды орнату үшін қазандықтарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына 25 адам жұмылдырылған.

Жұмыс тобының бақылауы одан әрі жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/1011297?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version