ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі жобаларының жүзеге асу барысымен танысты.
🔹Шалқар ауданының Шалқар қаласында министр ет өнімдерін сою және өңдеуге маманданған «ТАЛАП СДО» ЖШС-нің сервистік-дайындау орталығында болды. Айдарбек Сапаров орталықтың өндірістік қуатын жаңғырту және кеңейту қажеттігін атап өтіп, бұл жергілікті нарықты сапалы етпен қамтамасыз етуді және тиімділікті арттыруды қамтамасыз ететінін айтты.
🔸Мәртөк ауданындағы «Родники АГРО» шаруашылығы – облыстағы ірі шаруашылықтардың бірі. Оның иелігінде 30 844 гектар егістік және 31 323 гектар жайылым жер, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, дамыған логистика және өндірістік инфрақұрылым бар.
Шаруашылықта 700 бас герефорд тұқымды ірі қара малға арналған асыл тұқымды репродуктор жұмыс істейді. Алдағы уақытта 1 200 бас ірі қараға арналған сүт-тауар фермасын салу бойынша ауқымды жобаны іске асыру көзделуде.
«Айс плюс» кәсіпорнында министр 800 бас малға арналған жаңа сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты. Қазіргі таңда нысанда Нидерландта өндірілген заманауи жабдықтар орнатылып жатыр. Қолданысқа берілгеннен кейін, жыл сайын өндірілетін сүт көлемі 13,2 мың тоннадан 22,6 мың тоннаға дейін артады, ал жобаның екінші кезеңінде бұл көрсеткіш 32,6 мың тоннаға жетеді.
Ақтөбе қаласында Айдарбек Сапаров Қазақстандағы қой жүнінен табиғи негізде жасалатын тоқыма емес материалдар шығаратын алғашқы KazFelTec зауытының құрылыс алаңына барды. Жоба италиялық Cormatex Airlay технологиясын пайдалана отырып жүзеге асырылып жатыр және жылу мен дыбыс өткізбейтін материалдар өндірісін қамтиды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1011255?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау