Бүгін Қарағанды облысының Шет ауданында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Байбосынов С.Б. мемлекеттік қызметшілермен кездесті.
Кездесу барысында Байбосынов С.Б. Академияға магистратура мен докторантураға түсу тәртібі мен талаптары жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, Президенттік жастар кадр резерві туралы кеңінен баяндап, оның жас мемлекеттік қызметшілер үшін ашып отырған мүмкіндіктеріне тоқталды.
Бұл кездесу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, болашаққа деген сенімін нығайтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1011400?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау