Қызметтік иттер – балалардың досы: кинологтар орталығына ерекше қонақтар келді
Абай облысы ПД-нің кинологиялық қызмет орталығында ерекше кездесу өтті. Мұнда есту қабілеті төмен балаларға арналған интернат тәрбиеленушілері үшін нағыз мереке ұйымдастырылды. Шараның басты кейіпкерлері – қызметтік иттер болды.
Төрт аяқты полицейлер шартты бұзушыны ұстау, бұйрықтарды орындау және іздестіру элементтерін көрсетті. Балалар көздерінен қуаныш ұшқындап, тамашалаған көріністерден ерекше әсер алды. Кейін олар қызметтік иттермен етене араласып, мейіріммен құшақтап, суретке түсті.
https://www.instagram.com/qriim_mvdrk/reel/DJ_ldNHN–k/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1005011?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау