Шуға шомылуға тыйым салынған орындар туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ!
Құрметті Жиделіарық ауылының тұрғындары!
Қызылорда облыстық мәслихатының № 56 шешімімен Р-11, Р-12 және «Күзембай» каналдары (Жиделіарық ауылы маңындағы каналдар) облыс аумағындағы шомылуға тыйым салынған су айдындары тізіміне қосылды.
Аталған жерлерде суға түсу немесе қауіпсіздік ережелерін бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің:
364-бап (су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзу),
440-бап (оқиға орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етпеу),
412-бап (мемлекеттік немесе жергілікті органы шешімдерін орындамау)
бойынша әкімшілік жауапкершілікке және айыппұл салуға әкеп соғады.
Р-11, Р-12 және «Күзембай» каналдарына:
• Қатаң түрде суға түсуге тыйым салынады
• Әкімдік тарапынан орнатылған қорғау белгілерін қасақана жоймауды сұраймыз.
Өміріңіз бен денсаулығыңызды қауіпке тігуге болмайды!
Заң талаптарын сақтай отырып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-zhideliaryq/press/news/details/1004254?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version