Шымкентте 13 мыңға жуық ата-ана жиналысқа қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Шымкент қаласында бала тәрбиесіне арналған

«БАЛА. ОТБАСЫ.ҚОҒАМ» қалалық жиналысына «ZOOM» жүйесі арқылы ата-аналар қатысты.
   Іс-шара прокуратура органдары мен қала әкімдігі және білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар комитеті, психологтар және сала мамандарының белсенді қатысуымен
ұйымдастырылды.
   Жиынның мақсаты – балалардың құқықтары мен денсаулығын қорғау, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ
тәрбиелік мәдениетті арттыру.
  Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, ата-аналардың рөлі мен жауапкершілігі, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік, жасөспірімдердің әлеуметтік                                           мінез-құлқы сияқты мәселелер қаралды.
Жиын мемлекеттік органдар мен ата-аналардың арасындағы серіктестікті нығайтты.

#Заң_мен_Тәртіп

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1004657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version