Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, діни экстремизм және интернет-алаяқтықтың алдын алудың өзекті мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, діни экстремизм және интернет-алаяқтықтың алдын алудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті.

 

Іс-шараның бастамашысы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар облысы Дін істері басқармасы мен полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен болды.

 

Іс-шара семинар форматында өтті, онда қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, діни наным түріндегі радикалды идеялардың таралуына, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі қылмыстар санының өсуіне байланысты қазіргі заманның өткір сын-қатерлерін қарастырды.

 

Талқылаудың негізгі тақырыптары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: алдын алу шаралары, Діни экстремизмнің алдын алу, интернет-алаяқтық: схемалар, қорғау, жауапкершілік.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1004055?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version