Тәуелсіздік даңғылы кезең-кезеңімен ішінара жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылына орташа жөндеу жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты:
– 28 және 29 мамырда Б. Майлин көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады;
– 30 және 31 мамырда Күйші Дина көшесінен Қажымұқан Мұнайтпасов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1004300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version