«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қармақшы ауданында санитарлық тазалау жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бұл шараға мекеме қызметкерлерімен қатар, көше тұрғындары да белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосуда.

Аудан әкімі Жандос Еркінбек акция барысында ұйымдастырылған жұмыстарды бақылап, жауапты сала басшыларына санитарлық тазалау жұмыстарын тиімді әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Жиналған қоқыс қалдықтары мен шабылған шөптер арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1004402?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version