ТЕК СӨЗ ЕМЕС

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін “AMANAT” партиясының аудандық филиалында азаматтармен қоғамдық қабылдау өткіздім.
Мұндай әрбір қабылдау — мәселенің мәніне үңіліп, елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жол ашатын нақты әрекет алаңы.
Қабылдау алдында партия филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаровпен бірге ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы, әсіресе партияның сайлауалды бағдарламасындағы бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқыладық.
Қабылдау онлайн және офлайн форматта өтті. Алдымен тікелей эфирде округтердегі түйткілдер, тұрғындар көтеріп жүрген ұсыныстар мен депутаттық сауалдардың орындалу барысы туралы пікір алмастық.
Одан кейін офлайн қабылдауда Бірінші Мамыр елді мекенінің тұрғындары жарықтың жиі сөнуі, ауыз су тапшылығы, көшелерді жарықтандыру және жайылым жердің жетіспеушілігі секілді мәселелерді көтерді. Ленгір қаласынан келген көпбалалы ана әлеуметтік жәрдемақыға қатысты өтінішін білдірді.
Барлық азаматтардың өтініштері мұқият тыңдалып, қосымша зерделеуді қажет етпейтін мәселелер бойынша бірден жауап берілді. Қалған мәселелерге қатысты сала басшыларына сол сәтте нақты тапсырмалар берілді.
“AMANAT” – халық үнін еститін, тек сөз емес, нақты іс атқаратын партия.
Мәслихат төрағасы ретінде сайлаушылар көтерген кез келген мәселені назарда ұстап, жүйелі түрде шешу жолында жұмыс істейтін боламын.
#AmanatТөлеби
#ТөлебиМәслихат
#ҚоғамдықҚабылдау
#СайлауалдыБағдарлама
 
Аудандық мәслихаттың
төрағасы                                  Н.Қойбағаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1004413?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version