ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАНЫМАЛ РЕЖИССЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оңтүстіктің тумасы, халықаралық деңгейде танымал режиссер Сергей Дворцевойды қабылдады. Өңір басшысы режиссерді мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтап, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
Кинорежиссер атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарларымен таныстырды. Қазақстанның кинематография саласының дамуы жолында еңбек ететінін баяндады. Сонымен бірге соңғы жылдарны жүзеге асырып жатқан ірі жобасы – тайқазан туралы фильмнің жай-күйі туралы баяндады. Осы туындыны түсіруге қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғысын білдірді.
Бұл фильмді түсіру барысында тарихшылар мен зерттеушілердің, мәдениеттанушылардың пікірлері назарға алынған. Түсірілім жұмыстарының басым бөлігі Түркістан мен Қарнақта жүзеге асырылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/press/news/details/1003934?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version