ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕНГЕ «КӨГІЛДІР ОТЫН» БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекені тұрғындарына «көгілдір отын» берілді. Аудан әкімі Азат Оралбаев және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев арнайы барып, ауылдағы тұрғындардың қуанышымен ортақтасып, ізгі лебіздерін жеткізіп, газ құбырын салтанатты түрде ашты.
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостан Жәкей және ауыл ақсақалдары да сөз кезегін алып, ауылға табиғи газ келуі – жайлылық пен қолайлылық екенін атап өтіп, ел қамы жолында еңбектеніп жүрген азаматтарға ризашылықтарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1004028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version