ТҮРКІСТАНДА «CYBER QURYLTAI: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ОАЗИСІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТУДЕ
✔️Бүгін Түркістан қаласындағы «Rixos Turkistan» қонақ үйінде «CYBER QURYLTAI: Түркістандағы қауіпсіздік оазисі» атты ақпараттық қауіпсіздік және кибермәдениетті дамытуға арналған форум басталды. Форумға еліміздің өңірлерінен 80-ге жуық сала мамандары қатысып, тәжірибе алмасуда.
✔️Түркістан облысының əкімдігі, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты – цифрлық трансформация жағдайында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, заманауи киберқауіптерге қарсы әрекет ету тетіктерін қарастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара байланысты нығайту.
✔️CYBER QURYLTAI – жаһандық цифрлық сын-қатерлер жағдайында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіз цифрлық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды іс-шара.
✔️Басқосуда «Лаборатория Касперского» компаниясының Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры В.Зубанов модераторлық етті.
⤵️Форумды Түркістан облысы əкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ашып, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.
📌– Сіздерді түркі әлемінің рухани астанасы – қасиетті Түркістан төрінде қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл форум – тек ақпарат алмасу ғана емес, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі мен технологиялық болашағына қатысты маңызды бастамалар тоғысатын стратегиялық диалог алаңы. Түркістан – қауіпсіздік пен цифрлық дамудың жаңа орталығы. Қаламыз бүгінде инновация мен қауіпсіздік қатар дамып отырған өңірлік хабқа айналып келеді. Біздің мақсат – Түркістанды жоғары технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік бойынша үлгілі аймаққа айналдыру. Осы бағытта цифрландыру, кадр даярлау, халықаралық серіктестік, инфрақұрылымдық және технологиялық жобалар қатар іске асуда. Ақпараттық қауіпсіздік – біздің басты назарымызда. Облыс бойынша желіаралық экрандар (firewall), антивирустық бағдарламалар, серверлік қауіпсіздік жүйелері енгізілген. «Cyber Quryltai» – Түркістан облысының цифрлық және киберқауіпсіздік саласындағы жаңа бетбұрысының бастауы. Бүгінгі форумда ұсынылатын идеялар мен бастамалар өңіріміздің қауіпсіз әрі технологиялық болашағын айқындауға септігін тигізеді деп сенемін, – деген Еркебұлан Дауылбаев бірлесе жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға және жаңа жобаларда әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.
✔️Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова да сөз сөйлеп, халықаралық стандарттарды елімізге енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.
✔️Облыстағы Turkistan Hub – өңірлік ІТ стартаптарды қолдайтын және цифрлық кәсіпкерлікті дамытатын орталық ретінде жұмыс істеп тұр. Мұнда жастар мен стартаперлерге арналған акселерациялық бағдарламалар, IT мамандарын оқыту курстары жүргізіледі. Оған қоса, аудандарда «Smart Hub» орталықтары ашылып, ауылдық жерлердегі жастарға да цифрлық мүмкіндіктер мен білімге қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Бұл орталықтар тек оқыту емес, жергілікті IT жобалар мен сервистердің тірек нүктесіне айналады деп күтілуде.
✔️Биыл Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу жоспарланған. Университет ІТ білім беру жүйесін дамытып, өңірде инновациялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлық «Sunwah Group» компаниясымен халықаралық IT park жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
✔️Іс-шара «Қазақстандағы цифрландыру мен киберқауіпсіздікті дамытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы панельдік сессияға жалғасты. Онда ақпараттық қауіпсіздік саласының өкілдері құнды мағлұматтар берді.
✔️Сонымен қатар спикерлер мен сарапшылар «Қауіпсіз қала: Hikvision көмегімен қорғалған қалалық ортаны қалай құруға болады?», «Деректерді қалай қорғауға болады? Заң талаптарын сақтау ма, әлде пайдаланушылардың қолайлылығы ма – қайсысын таңдау керек?», «Checkpoint өнім портфеліндегі жаңа технологиялар», «Серверлік бөлмелердің стандарттары және цифрлық трансформациядағы микроЦОД-тың рөлі» тақырыптарында баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті.
✔️Форумның екінші бөлімі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сессиясы мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша оқыту тренингіне жалғасады. Осы күні қатысушыларға Түркістан қаласында экскурсия ұйымдастырылып, облыс орталығының туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
————————
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОХОДИТ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ФОРУМ “CYBER QURYLTAI: ОАЗИС БЕЗОПАСНОСТИ В ТУРКЕСТАНЕ”
✔️Сегодня в Туркестане, в отеле Rixos Turkistan, стартовал форум, посвященный развитию информационной безопасности и киберкультуры «CYBER QURYLTAI: оазис безопасности в Туркестане». В форуме принимают участие и обмениваются опытом около 80 специалистов отрасли из регионов страны.
✔️Целью мероприятия, организованного акиматом Туркестанской области и управлением цифровизации, оказания государственных услуг и архивов Туркестанской области, является обсуждение актуальных вопросов в области информационной безопасности в условиях цифровой трансформации, рассмотрение механизмов противодействия современным киберугрозам, а также укрепление взаимосвязи между государственными органами и частным сектором.
✔️CYBER QURYLTAI – это важное мероприятие на пути формирования безопасной цифровой экосистемы, направленное на обеспечение устойчивого развития страны в условиях глобальных цифровых вызовов.
✔️Модератором встречи выступил управляющий директор компании «Лаборатория Касперского» в Казахстане, Центральной Азии и Монголии В. Зубанов.
⤵️Форум открыл руководитель аппарата акима Туркестанской области Еркебулан Дауылбаев, он пожелал участникам удачи в работе.
📌 – Для нас большая честь приветствовать вас в духовной столице тюркского мира – священном Туркестане. Этот форум – стратегическая диалоговая площадка, где происходит не только обмен информацией, но и обсуждаются важные инициативы, касающиеся информационной безопасности и технологического будущего нашей страны. Туркестан – новый центр безопасности и цифрового развития. Сегодня город становится региональным хабом, где развиваются инновации. Наша цель – сделать Туркестан образцовой зоной высоких технологий и информационной безопасности. В этом направлении реализуются проекты по цифровизации, ведется подготовка кадров, расширяется международное партнерство. В области внедрены межсетевые экраны (firewall), антивирусные программы, системы серверной безопасности. Cyber Quryltai – начало нового поворота Туркестанской области в области цифровой и кибербезопасности. Уверен, что идеи и инициативы, которые будут представлены на сегодняшнем форуме, будут способствовать определению безопасного и технологического будущего нашего региона, – сказал Е. Даулбаев, отметив готовность работать вместе, обмениваться опытом и сотрудничать в новых проектах.
✔️Также на форуме выступила заместитель председателя комитета информационной безопасности Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан Умутжан Арыкбекова, которая отметила, что в стране ведется работа по внедрению международных стандартов.
✔️В регионе фнукционирует Turkistan Hub – центр поддержки стартапов и развития цифрового предпринимательства. Здесь проводятся акселерационные программы для молодежи и стартаперов, курсы обучения IT-специалистов. Кроме того, в районах открыты центры Smart Hub, обеспечивается доступ к цифровым возможностям и образованию для молодежи в сельской местности.
✔️В этом году в Туркестане планируется открытие филиала южнокорейского университета Woosong по подготовке ІТ-специалистов. Также с китайской компанией Sunwah Group планируется реализация международного проекта по строительству IT-парка.
✔️Мероприятие продолжилось панельной сессией на тему «Инновационные подходы в развитии цифровизации и кибербезопасности в Казахстане». Представители сферы информационной безопасности поделились ценными сведениями.
✔️Спикеры и эксперты также обсуждают темы “Безопасный город: как создать защищенную городскую среду с помощью Hikvision?”, “Как защитить данные?”, “Новые технологии в продуктовом портфеле Checkpoint, “Стандарты серверных комнат и роль микроцода в цифровой трансформации”.
✔️Вторая часть форума продолжится сессией Комитета информационной безопасности Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности и обучающим тренингом по осуществлению государственного контроля. В этот день участникам будет организована экскурсия по городу Туркестану и презентован туристский и инвестиционный потенциал областного центра.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1004526?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау