Тырысқаққа күдікті жолаушы анықталған кезде іс-қимылды анықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы қаласының халықаралық әуежайында тырысқаққа күдікті жолаушы анықталған кезде іс-қимылдарды пысықтау бойынша мүдделі қызметтермен оқу-жаттығу өткізді. Іс-шараға Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Ұлттық сараптама орталығының аумақтық бөлімшелері, Алматы қаласының медициналық ұйымдары, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Желілік полиция бөлімі, шекаралық, кедендік және халықаралық әуежайдың басқа да қызметтері қатысты.

Халықаралық маңызы бар ауруларды әкелу қаупімен байланысты әлемдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайында мұндай оқу-жаттығуларды өткізу ерекше өзектілікке ие болады.

Халықтың белсенді көші-қон ағындары мен жоғары ұтқырлығын ескере отырып, әсіресе Алматы халықаралық әуежайы сияқты ірі көлік тораптарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту қажет. Бұл бейінді қызметтерден, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ауруларды әкелуге байланысты ықтимал тәуекелдерге жедел ден қоюға үнемі дайындықты талап етеді.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті құзыреті шегінде темір жол, теңіз және әуе өткізу пункттеріндегі адамдарға, көлік құралдарына мен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімге санитариялық-карантиндік бақылауды қамтитын Мемлекеттік шекараны санитариялық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың басынан бастап санитариялық-карантиндік бақылау мамандары 11894 жолаушы және 6039 жүк көлік құралын – 2406896 келген адамды, оның ішінде 2304311 жолаушы мен 102585 экипаж мүшесін, 1808 бақылаудағы өнім партиясын тексерді. Санитариялық-карантиндік бақылау нәтижелері бойынша ауру белгілері бар 39 адам анықталды, бақылаудағы өнімнің 113 партиясы тоқтатылды.

Жаттығу сценарийі әуе кемесінің бортында аса қауіпті инфекцияға тән белгілері бар жолаушыны анықтауға еліктеуді көздеді. Алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралардың жедел жоспарына сәйкес іс-қимылдарды пысықтау шеңберінде: бекітілген хабарландыру сызбасына сәйкес мүдделі қызметтерді хабардар ету, бастапқы тексеру, сынамаларды алу, шартты науқасты емдеуге жатқызу, байланыста болған адамдарды оқшаулау, эпидемиологиялық ошақты жоюға бағытталған дезинфекциялық және басқа да іс-шаралар өткізілді.

Қатысушы қызметтер мен ведомстволар ден қоюдың барлық кезеңдерінде үйлесімділікті, жеделдікті және нақты өзара іс-қимылды көрсетті. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша әуежай басшылығының, мемлекеттік бақылау органдарының қатысуымен кеңес өткізілді, талқылау барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою кезінде іс-қимылдарды одан әрі жетілдіру, бірыңғай стандартты операциялық рәсімді әзірлеу және бекіту бойынша ұсынымдар берілді.

Аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайларға ден қою бойынша тұрақты оқу-жаттығулары халықтың денсаулығын қорғауға және елдің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1004488?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version