Ұрымқай ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктке күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1971 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт бүгінде 1 712 тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда барлығы 9 медициналық маман халыққа алғашқы медициналық көмек ұсынады.

Ғимарат жағдайы туралы ауыл тұрғындары тиісті орындарға жүгінген болатын. Аудан әкімдігінің қолдауымен «Журавлёвка-1» ЖШС инвестор тартылып, мекеме ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге келісім берді. Ең бастысы — бұл жұмыстар толықтай тегін, қайтарымсыз негізде жүзеге асырылуда.

Жөндеу жұмыстары аясында келесі шаралар қарастырылған:
— холл мен медициналық кабинеттерді жөндеу және жаңарту;
— кәріз жүйесін толық ауыстыру және санитарлық тораптар орнату;
— жаңа электрмен жабдықтау жүйесін енгізу;
— шатыр, терезелер мен есіктерді толық ауыстыру;
— ғимараттың қасбеті мен кіреберіс бөлігін жаңарту;
— гараж бен қазандықты жөндеу.

Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1004635?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version