Ағымдағы жылдың 3 маусымында Ақмола облысының әкімдігінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, оған өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Асхат Оразхан қатысты.
Кеңес Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өтті, іс-шараға аумақтық құқық қорғау және атқарушы органдардың басшылары, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы қала және аудан әкімдері қатысты.
Отырыс барысында Асхат Оразхан туризм саласындағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың нәтижелерін таныстырды. Анықталған мәселелердің қатарында – субсидиялау және шығындарды өтеу процесінің ашық еместігі, лицензия беру кезінде орын алатын манипуляциялар, сондай-ақ жер учаскелерін беру барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.
Сондай-ақ ол №4 үлгілік базалық бағыты — «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 10 облыстық басқарма мен 10 аудандық және қалалық әкімдіктің қызметіне ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіліп, нәтижесінде 118 тәуекел анықталған.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу және сыртқы талдау қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдарды орындау мәселесі айтылды.
Туристік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Туризм басқармасы мен Мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшылары баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі салалық басқармалар мен аудандық және қалалық әкімдіктерге Ведомствоаралық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуын және талдаулар мен мониторинг қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың іске асырылуын жеке бақылауға алуды тапсырды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/1011397?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау