Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту шеңберінде Талас ауданы аумағында халықпен кері байланысты қамтамасыз ету ететін кезекті ауқымды «Қоғаммен байланыс» акциясы өтті.
Аталған іс-шара 200-ден аса аудан тұрғындарын қамтыды.
Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің және 20-дан көп уәкілетті органдардың басшыларының жеке қабылдауы барысында 25 азаматтың (жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек және алимент өндіру бойынша) мәселелері шешілді.
Бұл ретте ақпараттық семинарлар өткізіліп, тұрғын үй алу тәртібі мен мемлекеттік бағдарламалар шарттарын түсіндіретін нұсқаулықтар (кітапшалар) таратылды.
Сондай-ақ мамандар 8 азаматқа кезекке тұруға және құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмек көрсетті, нәтижесінде ағымдағы жылы екі көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар 100-ге жуық азамат адвокат пен нотариустың тегін құқықтық көмегін, жеке сот орындаушы мен ХҚКО мамандарынан түсіндірме және медицина мен ауыл шаруашылық салалары мамандарынан кеңес алды.
«Қоғаммен байланыс» жобасы аясында кешенді жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында басты назар құқықбұзушылық профилактикасына және бұрын сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелеріне ерекше аударылды.
Бұрын сотталған тұлғалармен жасалған мүліктік қылмыстардың 74%-ға өсуін ескеріп, іс-шара барысында жәрмеңке ұйымдастырылып, нәтижесінде 10 жұмыссыз тұлға жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар Қаратау қаласы мектептерінде жоғары сынып оқушыларымен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша, оның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қоса алғанда, оқу семинарлары өткізілді.
Облыс прокуроры жергілікті тұрғындардың жүйелі мәселелерін шешу мақсатында мемлекеттік органдардың күштерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Жобаны іске асыру жалғасуда және ол қоғам арасындағы сенімді нығайтудың тиімді құралы екені дәлелденіп отыр.
Жамбыл облысының прокуратурасы
#ЗаңменТәртіп #Заңүстемдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1004245?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау