Аршалы ауданының прокуратурасы «Жас Ұрпақ» жастар қозғалысының қатысушылары үшін ауданның Полиция бөліміне және Төтенше жағдайлар бөліміне экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында жастар қозғалысының қатысушыларына құқық қорғау және төтенше жағдайлар органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысы көрсетілді.
Ұйымдардың балансындағы техниканың жұмысы көрнекі түрде таныстырылды.
Экскурсия аясында қызметкерлер оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1004098?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау