Жазғы демалыс қарсаңында оқушыларға қауіпсіздік негіздері түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Бұланды ауданының прокуратурасы полиция және өрт сөндіру қызметінің мамандарымен бірлесіп, Макинск қаласының жоғары сынып оқушылары үшін сабақтар өткізді. Сабақтар жазғы демалыс кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, өрт, жол-көлік оқиғалары және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер түсіндірілді..

Іс-шара барысында оқушылар төтенше жағдайлар кезінде өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің қалай әрекет ететінін, сонымен қатар кәсіби дағдыларын қызығушылықпен тамашалады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1004551?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version