Жедел ішек инфекцияларының алдын алу бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көктем-жаз мезгілінің келуімен жедел ішек инфекцияларының аурушаңдығының қаупі артады, бұл әсіресе белсенді демалыс, ауа температурасының жоғарылауы және халықтың тамақтану әдеттерінің өзгеруі жағдайында байқалады.
Осыған байланысты Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті медициналық қызметкерлердің аурулардың алдын алу және ықтимал жағдайларға әрекет етуге дайындығын арттыруға бағытталған оқыту семинарын ұйымдастырды.
Семинардың басты назарында — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 бұйрығында баяндалған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар болды. Құжат жедел ішек инфекцияларының өршуінің алдын алуға бағытталған санитариялық-індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу тәртібін реттейді.
Спикерлер бұл топтағы аурулардың клиникалық көріністері, диагностикасы және заманауи емдеу тәсілдері мәселелеріне кеңінен тоқталды. Алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді: санитариялық-гигиеналық жағдайларды сақтау, ауыз су сапасын бақылау, сондай-ақ күнделікті өмірде қол гигиенасының маңызы атап өтілді.
Департамент басшысының орынбасары Ғалымбек Әлин атап өткендей, мұндай оқыту іс-шараларын өткізу эпидемиологиялық жағдайдың ушығу қаупі бар кезең қарсаңында аса өзекті және өңірдегі жұқпалы аурулардың алдын алу жүйесін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1003950?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version