«Жігіт сұлтаны – 2025»: өнер мен ерлік сайысы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 мамыр күні Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті!

Бұл ерекше күнде ең өнерлі, білімді, күшті де сымбатты жігіттер өзара сайысқа түсіп, нағыз жігітке тән қасиеттерін көрсетті. Байқауға 5 жігіт қатысып, олар 4 кезең бойынша өздерінің қабілеттерін, білімдерін, өнерлерін және спорттағы шеберліктерін сынға салды.

Байқау кезеңдері:

  1. Өзін-өзі таныстыру

  2. Шығармашылық өнер көрсету

  3. Ұлттық салт-дәстүр мен білім сайысы

  4. Спорттық жарыстар

Әр қатысушы ерекше номинация бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Байқаудың ең үздік қатысушысы Гран-при иегері атанып, «Жігіт сұлтаны» атағына лайық деп танылды!

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және болашақта үлкен жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-sayasat/press/news/details/1003839?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version