13 маусым күні Бәйтерек ауданында «Шың» сазды-драма театрында облыстық «Асыл Ана – 2025» көпбалалы аналар байқауы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Алғашқы бөлім театр алаңында ұйымдастырылып, қатысушыларды салтанатты қарсы алып және шағын концерттік бағдарлама қойылды. Аяулы аналарды смокинг киген жігіттер ортаға шығарып, гүл шоқтарын табыстады. Назарларына «Көктемгі вальс», «Тарантелло» биі және «Ақ гүлім» әні ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Екінші бөлім «Анадан басталады…» атты сырласу үстеліне ұласты. Көпбалалы аналар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамдағы ананың орны туралы өз ойларын ортаға салды. Жылы сұхбат барысында аналар түрлі номинациялармен марапатталып, балаларға базарлықтар табысталды.Шараға іссапармен келген Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры Мырзағали Элмира Иниятқызы және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдолов сондай-ақ Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Галиев Ерлан Ерсайынұлы қатысып, аналарға жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Байқаудың негізгі бөлімінде қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсті.
Алғашқы кезеңде «Мен анамын – ұрпағын әлдилеген» – бейнебаян арқылы қатысушылардың отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіндегі үлгісі таныстырылды.
Екінші кезең «Балаларға қуаныш сыйла» деп аталып, сахнада балалармен қысқа көрініс көрсетіп, ерекше тағаммен дастархан жайылды.
«Сұрақ-жауап» атты үшінші кезеңде – ана мен балаға қатысты ситуациялық сұрақтарға жауап берілді.
«Орамал – сан ғасырлық сән» аталатын төртінші кезеннің талабына сай қатысушылар орамал тағудың дәстүрлі үлгілерін көрсетті.
Қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасының құрамы да өте мәртебелі болды.
Қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасының құрамы да мәртебелі болды
Жүніс Талшынай Орынбекқызы – Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі
Күләш Мәлікқызы – Халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблінің мүшесі, ақ жаулықты әжеміз
Ахметжанова Бибігүл Меңдіғалиқызы – Аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы
Жеңісгүл Қалиқызы – Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы, аудандық аналар кеңесінің төрағасы
Исмагулова Толқын Мүрсәлімқызы – Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаз отбасының көпбалалы анасы.
Қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлдені Жаңақала ауданынан келген Сисенова Амангүл иеленіп, 140 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды.
Бірінші орын Бәйтерек ауданының қатысушысы Ешниязова Меруетке бұйырып, 110 000 теңге сертификатпен марапатталды.
Екінші орын Казталов ауданынан Ермекбаева Перизатқа беріліп, 85 000 теңге сертификат табысталды.
Үшінші орын Теректі ауданынан келген Джубаниязова Гүлімге бұйырып, 65 000 теңге сертификат табысталды.
Сонымен қатар арнайы аталымдар бойынша:
– Тасқала ауданынан Елешова Дария «Алтын киіпті ана» номинациясына ие болып, 35 000 теңге сертификатпен марапатталды;
– «Жасампаз ана» аталымы Бәйтерек ауданының Аманғалиева Айзадаға беріліп, 30 000 теңге сертификат табысталды;
– Бәйтерек ауданынан Қондыкерова Камшат «Шығармашыл ана» аталымының иегері атанып, 30 000 теңге сертификатпен марапатталды;
– Шыңғырлау ауданынан Утеулиева Әсел «Ардақты ана» аталымына лайық деп танылып, 30 000 теңге сертификат табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1017922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version