Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінде Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбейді» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтерді тамашалады.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері арасында өткен Абай өлеңдерін оқу челленджінің жинақталған видеонұсқасы көрсетілді. Көрермендер назарына жас Абайдың үйіне оралу сәтін бейнелейтін сахналық қойылым ұсынылды.
Әдеби-танымдық кеш барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар танымдық ақпараттармен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1017880?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау