Алғашқы әрекет қауіптен қорғайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Террористтік сипаттағы қауіп кез келген уақытта, кез келген жерде төнуі мүмкін. Бұл тақырыпқа орай ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті терроризмге қарсы орталығының бөлімі мен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқармасының қызметкерлері білім саласы қызметкерлерімен кездесті.

Жиында террористтік сипаттағы қауіп-қатер орын алған кезеңдегі алғашқы ден қою іс-әрекеттерін жүзеге асыру  бағытында дәріс оқылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға қолдан жасалған жарылғыш құрылғылары мен олардың сырт келбеттері, іске қосылуы мүмкін тәсілдері және бұндай күдікті заттар анықталған жағдайда алғашқы әрекеттерді дұрыс жүзеге асыру білу адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізетідігі баяндалды.

Сондай-ақ, ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының штабымен ұсынылған бейнематериалдар көрсетілді.

Жалпы отырыс барысында, қауіпті аймақтарды қоршауға алу және күдікті заттар көргенде құқық қорғау органдарына хабарлау тәрізді қадамдар – тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға деген жанашырлық болып табылатындығы жеткізілді.

Жиын соңында мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының №481, 305, 234 үкімет қаулылары мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығының талаптарын қатаң сақтау және білім беру ұйымдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау  қажеттілігі ескертілді.

 

Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК

аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017966?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version