Ақтауда аялдамалардың тазалығы тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қалалық полиция басқармасымен бірлесіп аялдамалар маңындағы санитарлық тазалыққа қатысты рейдтік шара өткізді.

Іс-шарада кәсіпкерлік нысандар орналасқан аялдамалар аумағының тазалығы, күту орындарының ашық болуы, абаттандыруы мен көрнекі ақпараттарды ретке келтіру сынды мәселелер назарға алынды.

Рейд барысында бір нысанға санитарлық талаптарды өрескел бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505-бабына сәйкес 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды. Басқа да кәсіпкерлерге аялдама маңын қоқыстан тазалау, орындықтарды жөндеу немесе ауыстыру, жол жиектерін сырлау, рұқсатсыз жапсырылған жарнамаларды алып тастау бойынша нақты талаптар түсіндірілді.

Қоғамдық орындардағы тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған іс-шара алдағы уақытта жалғасады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1017931?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version