Ақтөбе қаласында еліміздегі бірегей KazFelTec кәсіпорынын іске қосу жоспарлануда. Бұл — табиғи қой жүнінен тоқыма емес материалдар өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт болмақ.
Жоба озық италиялық Cormatex Airlay технологиясы негізінде жүзеге асырылып, экологиялық таза жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар шығаруға бағытталған. Зауыт жылына 2,5 мың тонна жүнді қайта өңдеуге қауқарлы.
KazFelTec — жай ғана зауыт емес, елдегі ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу тізбегін құру жолындағы маңызды буын. Бүгінде елімізде қой жүнінің небәрі 29%-ы ғана өңделеді, қалғаны кәдеге аспай жатыр. Жаңа зауыт фермерлермен тұрақты кооперация орнатуға, мал шаруашылығы өнімдерінің экономикалық құндылығын арттыруға және қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді.
Жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, өндірістік жабдықтарды орнату қызу жүріп жатыр.
Айта кетейік, KazFelTec зауытының іске қосылуы ауыл шаруашылығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмыс орындарын құруға және «жасыл экономика» бағытын дамытуға өз үлесін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017946?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау