Астанада Республика даңғылы мен С.Сейфуллин көшесінің қиылысы жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Республика даңғылы мен С.Сейфуллин көшесі қиылысының жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты аталған учаскеде 24-25 мамыр күндері қозғалыс толығымен шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1003759?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version