Астанада сарбаз аналарының ІІ республикалық форумы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Форумға ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, басқа да күш құрылымдарының өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, медициналық қамтамасыз ету, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ армия мен әскери қызметшілердің және әскерге шақырылушылардың отбасылары арасындағы өзара қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.

— Біз әскери мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, біршама оң нәтижелерге жеткіздік. Аналар кез-келген уақытта әскери бөлімге келіп, ұлдарын тексере алады, демалыс күндері сарбаздармен сөйлесе алады. Ұзақ уақыт бойы аз-аздан, үздіксіз жақсы көрсеткіштерге ие болдық. Бірлескен әрекет өз жемісі мен нәтижесін берді деп санаймын, – дейді “Аналар жүрегі” сарбаз аналары комитетінің төрайымы Лилия Хайруллина.

Форум қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар дайындалып, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1003719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version