Астанада ТМД елдері ІІМ криминалдық бөліністері басшыларының кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрліктерінің жедел бөліністері басшыларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңесі өтті.

Іс-шараға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов сөз сөйледі. Ол ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ғана емес, жалпы қылмыстың барлық түрлеріне қарсы іс-қимылда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және өзекті қауіп-қатерлерге ден қоюда мемлекетаралық өзара байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кеңесте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросының директоры полиция генерал-лейтенанты Олег Коновалов, сондай-ақ Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Ішкі істер министрліктерінің басшылары баяндама жасады.

Кездесу барысында қарудың заңсыз айналымы арналарының жолын кесу, жедел ақпаратпен алмасуды күшейту және қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

Жиынға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ризашылықтарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1017807?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version