Ағымдағы жылдың 16 маусымында Э.Б. Алмаганбетованың төрайымдылығымен Ұзынкөл аудандық мәслихатының бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі мәслихат шешімдерінің жобаларын алдын ала қарау жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс күн тәртібінің негізгі мәселесі: Ұзынкөл ауданының 2025-2027 жылдарға арналған ауданының, ауылдарының және ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау туралы болды.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Пресногорьков, Өбаған ауылдық округтерінің әкімдері, Сатай ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібі мәселесі бойынша негізгі баяндамашылар экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, ауылдық округ әкімдері, Сатай ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болды. Аудан, ауыл және ауылдық округ бюджеттерін нақтылаудың негізгі себебі (4-деңгей) ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықты бөлу және жоспарланған шығыстарды қайта бөлу болып табылады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ақшалай қаражатты қайда және қандай қажеттіліктерге бағыттау ұсынылатыны туралы ақпаратты өз баяндамаларында айтты. Депутаттардың барлық сұрақтарына тиісті түсініктемелер алынды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ауданның, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау туралы мәселе (4-деңгей) депутаттардың айтылған ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1017975?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау