Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Бөкейорда және Казталов аудандарында терроризмге бағытталған жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығулар ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің үйлестіруімен және аудандық терроризмге қарсы жедел штабтарының қатысуымен өтті.
Жаттығулардың мақсаты:
Террористік қатерлерді ерте анықтау және бейтараптандыру тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда күштік және арнайы құрылымдардың бірлескен іс-қимылдарға дайындығын деңгейін арттыру.
Оқу-жаттығулар барысында пысықталған негізгі элементтер:
- дағдарыс жағдайы туралы бастапқы ақпаратты өзара жедел жеткізу және хабардар ету тетіктері;
- шартты құқықбұзушыны іздестіру іс-шаралары және одан кейінгі бейтараптандыру;
- шартты қауіпті аймақтан халықты эвакуациялау ұйымдастырылуы.
Негізгі назар барлық қызметтердің нақты іс-қимылдарын үйлестіру мен ахуалдың жедел өзгеруі жағдайында шешім қабылдау жылдамдығына аударылды.
Оқу-жаттығулардың нәтижелері:
Аудандық жедел штабтар жинақтаған тәжірибелерін тиімді көрстті, бұл олардың дайындық деңгейінің айтарлықтай артқанын айғақтайды.
Оқу-жатығу барысында анықталған кейбір кемшіліктер болашықтағы жоспарлы теориялық және практикалық сабақтарда ескерілетін болады.
Жедел қатерлерге уақытылы және кәсіби тұрғыда әрекет ету – ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Батыс Қазақстан облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017968?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау