Достық ауылында “Келешек” мектебінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа үлгідегі заманауи білім беру мекемелері — “Келешек” мектептері бой көтеруде. Бұл бастама ауылдық жерлердегі білім беру сапасын арттырып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына мол мүмкіндік береді.

Осындай маңызды жобалардың бірі — Алакөл ауданы, Достық ауылында салынып жатқан 600 орындық “Келешек” мектебі. Нысан “Самұрық-Қазына” АҚ тапсырысы негізінде жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Жобаны мердігер “VentKarkaraServis” ЖШС-гі атқаруда. Жалпы дайындық деңгейі – 80 пайызды құрайды.

Құрылыс алаңында 80-ге жуық жұмысшы мен 3 бірлік техника жұмылдырылған. Жоспар бойынша мектеп ғимараты 2025 жылы толықтай пайдалануға берілмек.

“Келешек” мектебінің іске қосылуы Достық ауылындағы балаларға заманауи білім алуға жағдай жасап қана қоймай, өңірдің әлеуметтік даму деңгейін жаңа сатыға көтерері сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1017663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version