«Инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы 2022-2027 жылдарға арналған» жоспарды іске асыру максатында облыстық деңгейде семинар өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
                        «Инфекциялардың  профилактикасы және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы 2022-2027 жылдарға арналған» жоспарды іске асыру максатында облыстық деңгейде семинар өтті.
 
          «Инфекциялардың  профилактикасы және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы 2022-2027 жылдарға арналған» жоспарды іске асыру шеңберінде инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау мәселелері және медициналық көмекпен байланысты инфекциялардың алдын алу шараларын жүйелеу мақсатында ҚР ДСМ «ҚДСҰО» жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің инфекциялық бақылау және антимикробтық резистенттілікті үйлестіру бөлімінің басшысы Г.Ағажаева мен «НПЦСЭЭиМ» филиалы ИПИБ және дезинфектология бөлімі, эпидемиолог дәрігері Ә.Алданова Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлеріне, сондай-ақ  аудандық, қалалық  СЭББ эпидемиологиялық  бақылау бөлім басшылары мен мамандарына, аудандық, қалалық медицина ұйымдарының басшыларына, емдеу іс жөніндегі орынбасарына, инфекциялық  бақылау комиссия мүшелері және  госпитальды  эпидемиологтарына гибридті режимде  семинар өткізілді.
        Семинар барысында инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұлттық инфекцияның алдын алу және бақылау бағдарламасының рөлі: сын-тегеуріндер, басымдықтар, медициналық ұйымдарды практикада іске асыру, инфекциялардың  профилактикасы және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы 2022-2027 жылдарға арналған жоспарды іске асыру кезіндегі атқарылған іс шаралар бойынша талқыланды. Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-turkestan/press/news/details/1017834?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version