Келешек мектептерінің құрылысы – бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бөрлі ауданында үш жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда:
🏫 Пугачев ауылында – 300 орындық,
🏫 Ақсай қаласының Ихсанов көшесінде – 300 орындық,
🏫 13-ықшамауданда – 900 орындық білім ордалары салынуда.
Аталған нысандар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Мектептер заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, оқушыларға қолайлы және қауіпсіз оқу ортасын ұсынуға бағытталған.
🔹 Құрылыс барысымен танысу мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин нысандарды аралап, жұмыс сапасына назар аударды.
🔸 Жаңа мектептер пайдалануға берілген соң, аудандағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі шешімін тауып, сапалы білімге қолжетімділік артады деп күтілуде.
#келешекмектептері

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1017708?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version