МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ БОЛҒЫЗБАУ «АДАЛ АЗАМАТ» ҚАҒИДАТЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Елімізде мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді. Яғни, ел мүддесіне адалдық, оның алдындағы борышын сезіну сияқты мызғымас құндылықтар мемлекеттік қызметті атқару ерекшеліктерімен және «Адал азамат» идеалдарымен тығыз байланысты. Бұл жерде мемлекеттік қызметшілердің қызметінде мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселесі ерекше назарда. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сүйенсек, мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына әкеп соғуы мүмкін оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық болып табылады. Оған қоса, мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен мемлекеттік қызметшілердің мүдделер қақтығысын болдырмау талаптары қойылады. Ал, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттiк қызметшiнің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады. Мемлекеттiк қызметшi туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте өзiнiң тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Олар өз тараптарынан мүдделер қақтығысын реттеу бойынша уақытылы шараларды қабылдауға, оның iшiнде:

– мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа қызметшіге тапсыруға;

– лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;

– мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға тиіс.

Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады. Осыған қарамастан, Павлодар облысында 4 мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен мүдделер қақтығысына жол беру фактісі орын алып, аталған тұлғаларға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылды, сондай-ақ барлық фактілер бойынша мүдделер қақтығысын жою бойынша шаралар қабылданды. Көрсетілген тұлғалар жұмысқа өзінің туыстарын алып, мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шараларды мүлдем қабылдамаған және тікелей басшыларына хабарламаған. Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының тағы бір жарқын мысалы ретінде туысқандардың бір органда мемлекеттік лауазымда қызмет атқаруын айтуға болады. Атап айтқанда, Павлодар облысында 42 мемлекеттік қызметшілердің бір мемлекеттік орган аясында туыстық қарым-қатынас болуы фактілері анықталды. Бұл арада, 38 мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысының орын алу белгілері байқалмайды, яғни 20 мемлекеттік қызметшілер әртүрлі құрылымдық бөлімдерде қызмет атқарса, 18 қызметші басқа мемлекеттік қызметшінің қызмет ету саласына әсер ете алмайды. Өз кезегінде, 4 мемлекеттік қызметшілер тікелей мүдделер қақтығысының болуына байланысты жұмыстан шығарылғаны туралы атап өту қажет. Осы орайда, мемлекеттік қызметшілермен мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу мемлекеттік қызметтегі адал ниеттілік, адалдық және әділдік қағидаттарына, сондай-ақ Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасымен сәйкес келеді.

 

                                                               Қазақстан Республикасы

                                                               Мемлекеттік қызмет істері

                                                               агенттігінің Павлодар облысы  

                                                               бойынша департаментінің

                                                               басшысы –

                                                               Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

                                                               А. Б. Искендиров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ertis/press/news/details/1018003?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version