Қазақстанда «Өрлеу» бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасы іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шағын және орта бизнесті қолдау құралдары көбейді: Қазақстанда «Өрлеу» жеңілдікті несиелендірудің жаңа бағдарламасы іске қосылды. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды, мерзімі – 10 жылға дейін.

«Жаңғыртуға, өндірісті кеңейтуге немесе отандық материалдар мен жабдықтарға көшуге инвестиция қажет пе? «Өрлеу» бағдарламасы – инвестициялық мақсаттарға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін алу мүмкіндігіңіз. Мөлшерлеме – 12,6%-дан жоғары емес, мерзімі – 10 жылға дейін, қайта қаржыландыру бар. Ал егер жоба талаптарға сай келсе, онда «Даму» қорынан кепілдік алуға болады», – деп хабарлайды Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы.

Қазақстанда тіркелген ШОБ субъектілері қатыса алады. Экономиканың келесі секторлары басымдыққа ие: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.

Өтінімдерді Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank қабылдайды.

Толығырақ – damu.kz сайтында және 1408 нөмірі бойынша.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1017752?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version