Қосшы қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әкелер күні қарсаңында «OTBASY FEST» фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отбасы құндылықтарын нығайту, әкенің бала тәрбиесіндегі маңызын арттыру, әкелер мен балалар арасындағы байланысты күшейту мақсатында өткен шараның маңызы ерекше.

Байқауға қатысқан белсенді әкелер:
– шеге қағу;
– қымыз ішу;
– пазл құрау;
– атқа шалма салу;
– арқан тартыс сияқты сайыстармен сынға түсті.

🏆 Байқайдың жеңімпаздары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
I -орын – Арасанбек отбасы;
II -орын – Балғожиндер отбасы;
III – орын – Мұратхан отбасы жеңіп алды.

Сондай ақ белсенді қатысқандары үшін:
🔸 Бейсенбаевтар отбасы
🔸 Апакаевтар отбасы
🔸 Жанаберген отбасы марапатталды.

Байқауға “Өнер” жас талалантар академиясының директоры – Жанар Шалқарбекқызы, “Jana bastau” әлеуметтік экономикалық, қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы – Дәулетқали Асау және Тайтөбе ауылдық Мәдениет үйінің директоры – Айбек Кеңес төрелік етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1017728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version