Құрметті жерлестер! Қадірлі әкелер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер! Қадірлі әкелер!

Сіздерді маңызды да мәнді мереке – Әкелер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жақсы әке болу – ер азаматтың өміріндегі ең жауапты әрі маңызды міндеттердің бірі. Ұлға – өнеге, қызға – қорған, сүйікті ертегі кейіпкері болу. Үйрету, қорғау, түсіндіру, бағыт беру – мұның бәрін махаббатпен, шыдамдылықпен атқару тек әкенің қолынан келеді.

Мейірімді, қамқор, сүйіспеншілікке толы әкелер көп болса – қоғамымыз да, мемлекетіміз де берік, отбасымыз да бақытты болары сөзсіз.

Біздің ауданымызда да бала тәрбиесіне белсене араласып, отбасы құндылықтарын нығайтып жүрген әкелердің көп екені қуантады. Сіздер – балаларыңыз үшін тірек, өмірлік бағдар бола білдіңіздер. Отбасыңызға сенім мен жылу сыйлап, ұрпаққа өнеге көрсетіп келесіздер.

Балаларыңызды тәрбиелеудегі еңбектеріңізге, сарқылмас қуат пен күш-жігерлеріңізге, сенімділік пен адалдықтарыңызға алғыс айтамыз!

Барша әкелерді мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасы амандығы, бала тәрбиесінде табыс, ұрпақтарыңыз үшін қуаныш пен мақтаныш тілеймін!

Ізгі тілекпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1017624?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version