Қызылордалық полицейлер жылдағы үрдіс бойынша сауапты іске мұрындық болды. Донор болу арқылы қанға зәру науқастарға көмек берді.
Іс-шараға Полиция департаментінің жеке құрамы ұйымдасқан түрде бір кісідей атсалысты.
Донор болатын кез – келген адамға қойылатын ортақ тәртіп бар. Сол талап бойынша полиция қызметкерлері медициналық тексеруден өтті.
Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға болады. Полицейлер арасында өз еркімен барып, қан тапсырып тұратындар да бар. Қан орталығының мамандары Полиция департаментімен тығыз байланыс орнатқан.
«Мұқтаждарға көмек қолын созу мақсатында қызметкерлеріміз донор болды. Полицейлер қан тапсыру арқылы халыққа көмектесуді тек сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетімен де көрсетуді өздеріне міндет санайды.
Қан беру — өзге біреуге жаңа өмір сыйлаумен тең. Бүгінгі игі бастама біреудің анасы мен әкесінің, бауырының өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз. Қызметкерлеріміз халықпен тығыз байланыста болғандықтан, бұл шараның маңызын жақсы түсінеді» дейді Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1017970?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау