Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен және Жамбыл ауданы прокуратурасының бастамасымен «Заң және тәртіп» қағидасы аясында мал ұрлығының алдын алу және осы санаттағы қылмыстардың деңгейін төмендету мақсатында жаңа жоба қолға алынды.
Бүгін Самсы ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарына малды арнайы таңбалау жұмыстары басталғаны туралы жиналыс өтті. Таңбалау ауылдық округтің алты саннан тұратын пошталық индексі негізінде жүргізіледі және әрбір малға ерекше сәйкестендіру белгісі қойылады. Бұл әдіс мал иелерінің меншігін нақты айқындап, ұрлықтың алдын алуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-samsy/press/news/details/1017909?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау