СҚО әкімі өңір дәрігерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде  ақ халатты абзал жандар ұлықталды. Медициналық қызметкер күніне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов денсаулық сақтау саласының  мамандарын құттықтап, марапаттарды табыс етті. 

“Дәрігер болу – жай ғана мамандық емес. Бұл – жанқиярлықты, табандылық пен үлкен жүректі қажет ететін ерекше миссия. Сіздер күн сайын адамдарға үміт, саулық және өмір сыйлайсыздар”, –  деді өңір басшысы. 

 

🏥 Облыста медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде:  

🏡 Ауылдарда 46 медициналық нысан салынды — 55 мың ауыл тұрғыны сапалы медицинаға қол жеткізді  

🏢 3 заманауи емхана пайдалануға берілді  

💰 Медициналық жабдықтарды сатып алуға бөлінетін қаржы 1,5 есе өсіп, 8,5 млрд теңгеге жетті  

🧲 Ангиограф, МРТ, КТ, УДЗ және рентген алынуда  

👩‍⚕️ Тар бейінді мамандарға 8,5 млн теңге көтермеақы төленуде  

⚡ Облыста алғаш рет қатерлі ісікті емдеуге арналған инновациялық желілік үдеткіш іске қосылды

 

“Бүгінгі марапаттар – сіздердің еңбектеріңізге берілген әділ баға мен қоғамның шынайы алғысының көрінісі. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын және толағай табыстар тілеймін!”, – деді облыс әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1017684?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version