Петропавлда облыстың жалпы білім беретін мектептерінің есепшілері мен директорлары үшін әйелдерге арналған түзету мекемесіне — №50 мекемеге профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру және СҚО әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық тапсырмасын орындау аясында өткізілді.
Бастама бюджет қаражатын басқаруға жауапты тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және білім беру саласындағы алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.
Экскурсия барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының құқықтық салдары, сотталғандардың ұсталуы жағдайлары туралы айтылып, нақты сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Мұндай кездесулер қызметтік міндеттерді орындауда заң талаптарын сақтау мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1017710?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау