2025 жылдың 13 маусымында Қызылорда облысы Әділет департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» салтанатты іс-шарасының қарсаңында «Таза қала» экологиялық акциясын өткізді. Бұл шараның мақсаты – қаланың экологиялық тазалығын сақтап, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
«Таза қала» акциясы барысында департамент қызметкерлері өздеріне тән жауапкершілікті сезініп, қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына белсене қатысты.
Қызылорда облысы Әділет департаментінің қызметкерлерінің бұл игі іс-шарасы экологиялық мәдениет пен белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуына зор ықпалын тигізуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1017643?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау