Түркістанда өткен XIII жазғы Универсиада еліміздің 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студентті біріктірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістанда өткен XIII жазғы Универсиада еліміздің 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студентті біріктірді

2025 жылғы 10 мамыр мен 13 маусым аралығында Түркістан қаласында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында республикалық XIII жазғы Универсиадасы өткізілді.

2025 жылғы маусым айында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы маңызды спорттық іс-шара – ХІІІ жазғы Универсиада ойындары сәтті өтті. Аталған додаға еліміздің 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысты.

Универсиаданың ресми ашылу салтанаты 2025 жылғы 16 мамыр күні «Түркістан Арена» орталық стадионында өтті. Салтанатты рәсімге Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты. Сонымен қатар ашылу рәсіміне министрлік өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысты.

Спорттық жарыстар «Түркістан Арена» орталық стадионы, Б.Саттарханов атындағы спорт сарайы, «Олимпик» спорт орталығы, сондай-ақ IUTH Спорттық-сауықтыру кешені секілді Түркістан қаласының негізгі спорт нысандарында өтті.

 

2025 жылғы 10 мамыр мен 13 маусым аралығында келесі спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді:

Тоғызқұмалақ – 32 команда, 158 қатысушы

Үстел теннисі – 28 команда, 132 қатысушы

Баскетбол (ерлер, әйелдер) – 46 команда, 184 қатысушы

Шахмат (ерлер, әйелдер) – 26 команда, 168 қатысушы

Тхэквондо (ерлер, әйелдер) – 21 команда, 135 қатысушы

Дзюдо (ерлер, әйелдер) – 30 команда, 203 қатысушы

Жеңіл атлетика – 24 команда, 175 қатыушы қатысты

Каратэ-до (ерлер, әйелдер) – 15 команда, 74 қатысушы

Бадминтон (ерлер, әйелдер) – 7 команда, 37 қатысушы

Волейбол (ерлер, әйелдер) – 64 комада, 707 қатысушы

Еркін күрес (ерлер)30 команда, 154 қатысушы

Әйелдер күресі – 8 команда, 28 қатысушы

Футзал – 40 команда, 441 қатысушы

Бокс (ерлер, әйелдер) – 36 команда, 201 қатысушы

Грек-Рим күресі (ерлер) – 27 команда, 130 қатысушы

Жүзу (ерлер, әйелдер) – 18 команда, 99 қатысушы

Қазақ күресі (ерлер, әйелдер) – 37 команда, 259 қатысушы.

 

Универсиада ойындарының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жеңіп алды. Университет спортшылары 31 алтын медаль иеленіп, Универсиада жеңімпазы атанды.

2-орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті иеленді. Бұл жоғары оқу орнының спортшылары 21 алтын медальмен жалпы есепте үздік үштікке енді.

3-орынға Қазақ спорт және туризм академиясы тұрақтады. Академия спортшылары 19 алтын медаль жеңіп алды.

 

Бұл жетістіктер – оқу орындарының спорттық әлеуетінің, жүйелі дайындық пен жан-жақты қолдаудың айқын нәтижесі.

 

Салтанатты жабылу рәсімі аясында Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) туы XIV жазғы Универсиаданы өткізетін Қазақ спорт және туризм академиясына ресми түрде табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1017845?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version