Жоғары Сот Кеңесінде алғаш рет Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов Аппарат қызметкерлерінің теориялық және практикалық дағдыларын жұмыс орнынан қол үзбей жүйелі түрде жетілдіру туралы шешім қабылдады
Бекітілген құқықтық жалпы оқыту кестесіне сәйкес айына екі рет мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту семинарлары өткізіледі.
Семинарлар қызметкерлердің түрлі бағыттар бойынша құзыреттерін арттыруға арналған.
Оқыту барысында құқық шығармашылық үдерісін жетілдіру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар мен құқықтық актілерді әзірлеу кезінде қолданылатын қолданыстағы заңнама талаптары жан-жақты таныстырылды.
Құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне жүйелі әрі сапалы тәсілді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сарапшылары – Амангүл Ермағанбетова мен Шынар Шахманованың қатысуымен оқыту семинары өтті. Спикерлер істер номенклатурасын жүргізу мен архивтік сақтау ісін ұйымдастыру бойынша тәжірибелік ұсынымдарымен және кәсіби әдістемелерімен бөлісті.
Мемлекет басшысының бюджет қаражатын ұтымды пайдалану жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Аппарат қызметкерлері бюджет жоспарлау мәселелері бойынша оқытудан өтіп, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жекелеген аспектілерін зерделеді.
Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынасындағы моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажеттілігі мәселесі жеке бағыт ретінде қаралды. Бұл тақырыптар сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділікпен (лудоманиямен) күрес шараларына арналған семинарда талқыланды.
Кеңес қызметіне ашықтық пен айқындық қағидаттарын енгізу шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Оны іскерлік және көпшілік коммуникациялар бойынша маман, PR-технолог Акерке Берлібай жүргізді.
Қоғаммен тұрақты және сенімді диалог орнату, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру мақсатында азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру, сондай-ақ Кеңеске келіп түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мәселелері бойынша семинарлар өткізілді.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Аппарат қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттыруға ерекше назар аударады. Оқу-ағарту және түсіндіру жұмысы тәжірибелік маңыздылыққа, құзыреттерді дамытуға және Аппарат жұмысының сапасын тұрақты арттыруға баса назар аудара отырып, дәйекті түрде жалғастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1017750?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау