Жыланды дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында халықаралық деңгейдегі »Жыланды Fest» фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

”Жыланды Fest: Болашаққа бастар жол!”

14.06.2025ж Жыланды дарынды балаларға арналған лицей интернатында ”Жыланды Fest” фестивалінің салтанатты ашылуы өтті!

🌟 Ғылым мен технологияны ұштастырған, болашақ мамандықтармен таныстыратын бұл фестиваль – еліміздің жас буынына жаңа мүмкіндік, жаңа шабыт!

🔹 Фестиваль халықаралық деңгейде ұйымдастырылды; 
🔹 Қонақтар – Қазақстан мен Қырғызстаннан келді;
🔹 Университеттер жәрмеңкесі ұйымдастырылды;
🔹 Робототехника, шеберлік сабақтары, заманауи жобалар көрсетілді.

🌍 Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған қонақтармен бірге, Қырғызстаннан да қатысушылар келіп, шараның ауқымын кеңейтті.

🎓 Фестиваль аясында University Open Day – университеттер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Жетісу облысының түлектері Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен танысты.

Сонымен қатар, 14 маусым күні Жыланды дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында заманауи бағыттағы Future Race атты электромобильдер жарысы өткізілді!

🏁 Жарыс Dakar Жыланды-Төңкеріс бағыттары бойынша ұйымдастырылып, жас өнертапқыштар өз қолдарымен құрастырған экокөліктерін жарыс жолына шығарды.

👥 Барлығы 9 команда қатысып – әрқайсысы техникалық тапқырлық пен шығармашылықтың үлгісін көрсетті.
🌱 Бұл жарыс – экологиялық ойлау, инженерлік дағды және командалық рухты дамыту алаңы болды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1017979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version