Алматының медициналық-әлеуметтік нысандары  ТЖ кезінде қалай әрекет ету керектігін білді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы ТЖ Департаментінің базасында мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік ұйымдардың өкілдері үшін «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам», «Жер сілкінісіне дейін, кезінде және одан кейін» тақырыптарында сабақ өткізілді.

Негізгі мақсаты – медициналық-әлеуметтік нысандардың қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқыту.

Халықтың осал топтарын – қарттарды, мүгедектігі бар адамдарды және мекемелердің қамқорлығындағы балаларды қорғауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар әрекет ету тетіктері, шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл алгоритмдері, сондай-ақ ТЖ жағдайындағы персоналдың міндеттері туралы маңызды ақпарат алды.

«Қызмет алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы қызметкерлердің келісілген және уақтылы әрекеттеріне байланысты. Оқыту мен тұрақты жаттығулар медициналық-әлеуметтік мекемелер жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс», – деп Алматы құтқарушылары атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1003520?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version