Антикоррупционное просвещение в транспортной сфере

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Заң мен тәртіп” қағидатын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті көліктік бақылау инспекциясының мемлекеттік қызметшілеріне, “Қазақстан темір жолы “ҰК” АҚ квазимемлекеттік секторына және “Қазақстан сужолдары” РМҚК-на семинар ұйымдастырды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік секторар асында құқықтық сауаттылықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған семинарға 50 қатысушы қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының өзекті ережелерімен танысты, бұзушылықтардың нақты мысалдарын және олардың алдын алу жолдарын талқылады, сондай-ақ парасаттылық пен қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау бойынша практикалық ұсынымдар алды.

Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын енгізуге, нормативтік базаны жетілдіруге, сондай-ақ процестерді цифрландыруды, қызметтің ашықтығын арттыруды және қоғамдық бақылау тетіктерін дамытуды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және көлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірленді.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/1003589?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version