АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі – ауыз су мәселесі. Көктем, жаз мезгіліндерінде ауыз су тұтынудың көлемі артуына орай, су тапшылығы орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында қосымша ұңғыма қазылып, бұлақ көздерінен су құбырлары тартылуда.
Бүгін, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Алатау» мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесіп, халықтың арыз-шағымына назар аударды. Тіршілік нәрінің тапшылығына қатысты халықтың наразылығын тыңдап, сала басшыларына мәселенің шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Екі сағатқа созылған пікір алмасуда аудан басшысы адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді екенін, әлемде су қоры азайып бара жатқанын, бұл мәселе өзектілігін жоғалтпағанын түсіндірді. Сондай-ақ, Ленгір қаласы халқын таза табиғи ауыз сумен қамту бағытында атқарылатын жоспарларымен таныстырды.
Аудан халқының ауыз суға тұрақты қол жеткізе алмауына аудандық әкімдік өз тарапынан алаңдаушылық танытып, проблеманы сөзбен емес іспен шешуге барынша атсалысып жатыр.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1003527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version