Аудандық мәслихат төрағасы С.Бекшенов, депутаттар А.Абдрахманова, Л. Журавлева, Н. Трифонов, А. Нұрахмет, “Тайынша вести” аудандық газетінің тілшісі Д. Кожевниктен тұратын мониторингтік топ ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан ауданның бірқатар әлеуметтік маңызы бар объектілеріне инспекция жүргізді.
Виноградовка ауылында Булаев топтық су құбырының 4-ші кезегінен бастап тарату желілері бар су құбырын салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта “Альфа-Север” ЖШС жұмысшылар бригадасы құдықтарды тазартуды жүргізуде. Серіктестік басшылығы үнемдеу есебінен ауыл тұрғындарына су құбырын қоршауға дейін емес, бірден үйге тегін кіргізу туралы шешім қабылдады.
Жұмыс кестеден қалыс қалмай жүргізілуде. Нысанды тапсыру ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tayynshinskogo-rayona/press/news/details/1003312?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау